«Қазақстан Медициналық Зертханалар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 1.1. «Қазақстан Медициналық Зертханалар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) зертханалық диагностика және өзге де медициналық қызмет саласында медициналық қызметті жүзеге асыратын, заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады
  • 1.2. Қауымдастық өз қызметін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.
  • 1.3. Қауымдастық мекенжайы және орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 19/2 үй, 6 т.е.ү.
  • 1.4. Қауымдастықтың атауы:
    • а) Мемлекеттік (қазақ) тіліндегі толық атауы – «Қазақстан Медициналық Зертханалар Қауымдастығы»;
    • б) Орыс тіліндегі толық атауы – «Казахстанская Ассоциация Медицинских Лабораторий»;
  • 1.5. Қауымдастықтың қысқаша атауы:
    • а) Мемлекеттік (қазақ) тіліндегі қысқаша атауы – «ҚМЗҚ»;
    • б) Орыс тіліндегі қысқаша атауы – «КАМЛАБ»;
  • 1.6. Қауымдастық қызметінің мерзімі шектелмеген және оны уәкілеттік органда тіркеген күннен басталады.
2. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
  • 2.1. Қауымдастық Қазақстан Республикасының жеке зертханаларының медициналық зертханалық қызметін дамыту және жетілдіруді өзінің мақсаты етіп қоятын коммерциялық емес, тәуелсіз, үкіметтік емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
  • 2.2. Қауымдастық Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын ерікті негізде біріктіретін, оның қатысушыларының тең құқығы, заңдылығы, есептілігі, қызметінің ашықтығы негізінде әрекет ететін ұйым болып табылады.
  • 2.3. Қауымдастық өз қызметін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, осы Жарғыны, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері Ортақ жиналысының шешімдерін және егер олар Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте қабылданған болса, Қауымдастықтың өзге де органдарының шешімдерін басшылыққа алады.
  • 2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес Қауымдастық өз қызметін басқа қоғамдық бірлестіктермен, қауымдастықтармен, одақтармен, мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекеттесіп жүзеге асырады.
  • 2.5. Қауымдастықтың жеке балансы, банк шоттары, мөртаңбалары, мөр бедерлері, Қауымдастықтың мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде толық атауы, сонымен қатар басқа деректемелер көрсетілген бланктері болады. Қауымдастықтың өз эмблемасы (логотипі), туы, әнұраны, өзге айырмашылық белгілері болады.
  • 2.6. Қауымдастық ол мемлекеттік тіркелген сәттен заңды тұлға құқығына ие болады, өз атынан мүліктік немесе жеке мүліктік емес құқықтар алады және жүзеге асырады, міндет арта алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады, меншік құқығында шартталған мүлікке ие болады.
  • 2.7. Қауымдастық өзін-өзі басқару, ашықтық, басшылықтың алқаластығы қағидаларымен әрекет етеді.
  • 2.8. Қауымдастық толық құқық қабілетіне ие бола отырып, өзінің жарғылық қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген шешім қабылдауға және іс-қимыл жасауға, заңнамамен берілген барлық құқықтарды пайдалануға құқылы.
  • 2.9. Қауымдастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтем алынуы мүмкін өзінің міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлікке жауапты болады. Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды. Қауымдастықтың мүшелері осы Жарғыда көзделген мөлшерде және тәртіпте оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапты болады.
  • 2.10. Қауымдастықтың ерікті негізде одақтарға, қауымдастықтарға, қоғамдық бірлестіктерге кіруге, халықаралық деректер мен байланыстарды реттеуге, тиісті келісімдер, меморандумдар, келісімшарттар және т.б. жасауға құқығы бар.
  • 2.11. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың Қауымдастықтың қызметіне заңсыз араласуына жол берілмейді.
  • 2.12. Қауымдастықтың заңды тұлғалар бірлестігі мәртебесі болады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратады.
  • 2.13. Қауымдастықтың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің құрылымдық бөлімшелерін, филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқығы бар.
  • 2.14. Қауымдастыққа берілген мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады. Қауымдастық мүшелерінің олар Қауымдастыққа меншікке берген мүлікке құқықтары сақталмайды. илиалдар заңды тұлғалар болып табылмайды, Ортақ Жиналыспен және қолданыстағы заңнамамен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Филиалдар оларға Қауымдастық берген құқықтар шегінде сенімхаттар негізінде әрекет етеді.
  • 2.15. Қауымдастық мүшелері өздерінің дербестігін және заңды тұлғаның құқықтарын сақтайды.
3. ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
  • 3.1. Қауымдастықтың мақсаты – ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешу және зертханалық зерттеулер бойынша медициналық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетті саласын қалыптастыру үшін Қауымдастық мүшелерін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасының медициналық зертханаларын шоғырландыру болып табылады:
    • 3.1.1. зертханалық диагностика бойынша қызмет көрсету саласында қызметті жүзеге асыратын Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қорғау және білдіру;
    • 3.1.2. Қазақстан Республикасының жеке зертханалық ұйымдарының қызметін дамыту және жетілдіру.
    • 3.1.3. зертханалық зерттеулер бойынша қызмет көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  • 3.2. Қауымдастық қызметінің мәні:
    • 3.2.1. Қазақстан Республикасында медициналық зертхана саласын орнықты дамытуды қамтамасыз ету үшін Қауымдастық мүшелерінің күш-жігерін біріктіру;
    • 3.2.2. Қазақстан Республикасында медициналық зертханалық саланы дамыту және жетілдіруге байланысты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
    • 3.2.3. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерімен, заңды тұлғаларымен және мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
    • 3.2.4. мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің азаматтық, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын іске асыру;
    • 3.2.5. Қауымдастық мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа да қолдау көрсету;
    • 3.2.6. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасымен өзара әрекеттесу.
  • 3.3. Қауымдастық оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға құқылы. Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан алынған кірісі Қауымдастық мүшелерінің арасында бөлінбейді, Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жіберіледі.
  • 3.4. Қауымдастықтың қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайдарла қызметінің жеке түрлері рұқсат беру құжаттарының (лицензиялар, рұқсаттар және т.б.) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
4. ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
  • 4.1. Қауымдастық қызметінің міндеттері:
    • 4.1.1. медициналық зертханалық саланың және отандық бизнесің негізгі мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу, үйлестіру және іске асыруға ықпал ету;
    • 4.1.2. өз бетінше де, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және өзге ұйымдармен бірлесіп семинарлар, оқытатын шебер-класстар, конференциялар, мәжілістер өткізу;
    • 4.1.3. медициналық зертханалық сала мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша қазақстандық және халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнату және дамыту;
    • 4.1.4. зертхана ашу және Қазақстан Республикасының медициналық зертханалық саласын кеңейту кезінде әдістемелік қолдау көрсету;
    • 4.1.5. денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысу;
    • 4.1.6. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасының жұмысына қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасында аккредиттеуден өту;
    • 4.1.7. зертханалық медициналық зерттеулер саласында ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялардың нәтижелерін талдау, жалпылау және насихаттау, тиісті деректер банкін құру;
    • 4.1.8. Қауымдастықтың тақырыбы бойынша анықтамалық-ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
    • 4.1.9. зертханалық зерттеулер сапасын арттыруда Ресей Федерациясының денсаулық сақтау зертханалық қызметтерімен, басқа халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
    • 4.1.10. зертханалық диагностикаға байланысты бағыттар бойынша Сараптама кеңестеріне қатысу;
    • 4.1.11. маманданулар, семинарлар және т.б. өткізу орындары туралы ақпарат беру жолымен біліктілігін арттыруға Қауымдастық мүшелерінің мамандарына көмек көрсету;
    • 4.1.12. мемлекеттік бағдарламалар жобаларына және өзге нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар, сараптамалық қорытындылар дайындау, оларды тиісті мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға жолдау;
    • 4.1.13. медициналық зертханалық саланы тиімді басқаруға және ресурстарын үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу және қолдануға көмек көрсету;
    • 4.1.14. қызмет туралы Қауымдастық мүшелерін өз қызметі туралы жыл сайынғы есеп тарату жолымен ақпараттандыру.
5. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • 5.1. Қауымдастықтың:
    • 5.1.1. өз қызметінің жоспарлары мен бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге және бекітуге;
    • 5.1.2. белгіленген тәртіпте өзінің филиалдарын, өкілеттіктерін, басқа ұйымдастырушылық құрылымдары мен құрылымдық бөлімшелерін ашуға;
    • 5.1.3. егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін болса, басқа заңды тұлғалар ашуға;
    • 5.1.4. мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға ұсыныстар енгізуге;
    • 5.1.5. өз қызметінің үдерісінде кез келген азаматтық-құқықтың қатынастарға түсуге;
    • 5.1.6. өз қызметінің мәселелері бойынша отандық және шетел мекемелерімен, ұйымдарымен және олардың өкілдерімен іскер қатынастарға түсуге;
    • 5.1.7. Қауымдастық мүшелерінің іссапарлары мен тәлімдемелерін, соның ішінде шетелдік ұйымдастыруға, Қауымдастықтың қызметіне байланысты мәселелерді шешу үшін шетел және қазақстандық мамандарды тартуға;
    • 5.1.8. республикалық және жергілікті мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдардың ұсынысы бойынша оларға құжаттар беретін тәуелсіз сараптама ұйымдастыруға;
    • 5.1.9. Қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық және өзге де бағдарламалары мен жобаларын мақсатты қаржыландыруды, соның ішінде коммерциялық негізде жүзеге асыруға;
    • 5.1.10. меншігінде бар ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй қорын, жабдықты, құрал-жабдықты, ақшалай қаражатты, бағалы қағаздарды және өзге де мүлікті пайдалануға және иелік етуге;
    • 5.1.11. жеке меншігінде немесе мерзімсіз пайдалануда жер учаскелері болуына;
    • 5.1.12. білім, ғылыми-зерттеу, өндірістік, сауда және өзге шаруашылық қызметін жүзеге асыруға, кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығындардың есебін жүргізуге;
    • 5.1.13. жарғылық міндеттерді орындау мақсатында шаруашылық қоғамдарына және серіктестіктеріне салымшы ретінде қатысуға, коммерциялық емес ұйымдар құруға, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
    • 5.1.14. өз атынан шарттар, келісім-шарттар, келісімдер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға және міндетті болуға, өз балансын, қажеттілігіне қарай Қауымдастыққа кіретін құрылымдардың баланстарын жүргізуге, елде де, шетелде де теңгемен және шетел валютасымен жеке шотының болуына, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға;
    • 5.1.15. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негізде және тәртіпте өзге құқықтарды және кез келген қызметті жүзеге асыруға;
    • 5.1.16. Парламентте, Үкіметте, соттарда және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарында өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
    • 5.1.17. Жеке және заңды тұлғалардан өтеусіз мүлік, демеушілік көмек, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшалай қаражат пен гранттар алуға;
    • 5.1.18. анықтамалық және өзге баспа, ақпараттық және жарнама өнімін шығаруға;
    • 5.1.19. денсаулық сақтау, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қауымдастық мүшелерінің қызметін реттейтін заңнаманы, соның ішінде медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін сақтандыру туралы заңнаманы, еңбек, салық, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге, заңмен белгіленген тәртіпте енгізуге құқығы бар;
    • 5.1.20. Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша барлық өз мүлкімен жауапты болады;
    • 5.1.21. Қауымдастықтың ішкі регламенттері мен өзге актілері болуы мүмкін, онда Қауымдастық органдарының қызметін және жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның мүшелерінің өзара іс-қимылы мәселелері нақтыланады. Көрсетілген актілер осы Жарғыға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі керек. Осы Жарғымен реттелмеген барлық басқа мәселелер бойынша Қауымдастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
  • 5.2. Қауымдастық:
    • 5.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
    • 5.2.2. осы Жарғыны сақтауға;
    • 5.2.3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді төлеуге;
    • 5.2.4. Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ықпал етуге;
    • 5.2.5. өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлікпен сай болуға;
    • 5.2.6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік артуға міндетті.
6. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ
  • 6.1. Қауымдастық коммерциялық емес ұйым болып табылады және басты мақсат ретінде кіріс алу міндетін артпайды. Қауымдастықтың барлық қаржы қаражаттары, соның ішінде кәсіпкерлік қызметінен алынған қаражаттар Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ғана шығындалады.
7. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮЛКІ
  • 7.1. Қауымдастық әртүрлі негіздерде алынған мүліктің меншік иесі болып табылады. Қауымдастықтың жеке меншігінде осы Жарғымен және Қауымдастықтың өзге де құжаттарымен көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кез келген мүлкі болуы мүмкін.
  • 7.2. Қауымдастықтың мүлкі жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылады және:
    • 7.2.1. мүшелікке кіру және мүшелік жарналары;
    • 7.2.2. Қауымдастық мүшелерінің жыл сайынғы мүшелік жарналары;
    • 7.2.3. жеке кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде;
    • 7.2.4. Қауымдастық мүшелерінен және үшінші тұлғалардан ерікті ақшалай және басқа жарна және салымдар, соның ішінде Қауымдастықтың нақты бағдарламаларын жүзеге асыруға бағыталған нысаналы мақсатпен;
    • 7.2.5. ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй қоры, жабдықтар, керек-жарақтар мен басқа материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, жерлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ интелектуалдық меншік (ноу-хау) құқығы және өзге түсімдер, соның ішінде Жарғылық қорды қалыптастыру кезіндегі түсімдер түрінде жеке және заңды тұлғалар жарналары (мүшелердің де, мүше еместердің де);
    • 7.2.6. өзге мүліктік және мүліктік емес құқықтар, ұлттық және шетелдік валютада ақша қаражаты, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа тәсілдер есебінен құралады.
    • 7.2.7. Кіру және мүшелік салымдарды салу тәртібі мен мерзімдері қолданыстағы Жарғымен және Қауымдастық мүшелерінің ортақ жиналысымен бекітілген, Қауымдастыққа кіруге арналған үлгілік шартпен реттеледі.
  • 7.3. Қаржылық және материалдық ресурстардың түсу көздері:
    • 7.3.1. мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыруға қатысу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сыртқы экономикалық операциялар жүргізу, конференциялар, көрмелер, форумдар, сауда миссияларын, аукциондар, лотореялар (мемлекеттіктен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген басқа қызметті ұйымдастыруға қатысуға кіретін жеке өндірістік-шаруашылық және ғылыми-зерттеу қызметі;
    • 7.3.2. ерікті және қайырымдылық жарналары, жәрдемдер және аударымдар, қазақстандық және шетел мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары, жеке фирмалар және басқа заңды және жеке тұлғалардан сыйлықтар, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүлік;
    • 7.3.3. ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік кредиттер;
    • 7.3.4. бағалы қағаздармен және салымдармен операциялар;
    • 7.3.5. Қауымдастық құратын кірістен және оның қатысуы кезінде шаруашылық құрылымдардан жарналар мен аударымдар есебінен құралады.
    • 7.3.6. Қауымдастық өз қызметін өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру қағидаларымен жүзеге асырады.
    • 7.3.7. Қауымдастық мүшелерінің мүшелік жарналары Атқарушы органның аппаратын ұстауға және жарғылық қызметті жүзеге асыруға пайдаланылады.
  • 7.4. Қауымдастықтың Атқарушы органы Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының алдында материалдық жауапты мүлікті және қаражатты бірыңғай иеленуші болып табылады.
  • 7.5. Қауымдастық қызмет нәтижесінің есебін жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жүргізеді.
  • 7.6. Қауымдастықтың қаржылық жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді.
  • 7.7. Қауымдастықтың барлық мүшелерінің кіру және жыл сайынғы мүшелік жарналарының көлемін Қауымдастық мүшелерінің ортақ жиналысы айқындайды.
8. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕЛЕРІ
  • 8.1. Қауымдастықтың Жарғысын мойындаған және Қауымдастықтың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға үлес қосуға қабілетті және белгіленген тәртіпте мүшелік жарналарды төлейтін Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Қауымдастық мүшелері бола алады.
  • 8.2. Қауымдастықтың мүшелері Қауымдастықтың мүшесінің тең құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
  • 8.3. Қауымдастықтың мүшелері өздерінің дербестігін сақтайды.
  • 8.4. Қауымдастық ашық ұйым болып табылады. Қауымдастық мүшелерінің саны шектелмеген.
  • 8.5. Құрылтайшылар, сонымен қатар Қауымдастық қатысушыларының Ортақ жиналысының келісімімен кірген, осы Жарғыға және Қауымдастықтың Ережелеріне сәйкес кіру жарнасын төлеген жаңа заңды тұлғалар Қауымдастықтың мүшелері болып табылады.
  • 8.6. Қауымдастық «құрметті мүшелікті» мойындайды. Құрметті мүшелік Ортақ жиналыстың шешімі бойынша Қауымдастық алдындағы еңбегін мойындағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және әлемде маңызы жоғары басқа еңбектері үшін кез келген адамға беріледі. Құрметті мүшелер Қауымдастық мүшелерінің құқықтарына ие болмайды және міндеттерін артпайды.
9. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУ ТӘРТІБІ
  • 9.1. Қауымдастықтың мүшелігіне қабылдау туралы шешім Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысында дауыс беруге қатысқан Қауымдастық мүшелері дауыстарының көпшілігімен қабылданады.
    • 9.2. Қауымдастық мүшелігіне қабылдау:
    • 9.2.1. мүшелікке қабылдау туралы өтініш;
    • 9.2.2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
    • 9.2.3. Қауымдастық мүшелігіне кіргені туралы шарт;
    • 9.2.4. кіру жарнасын төлегенін растайтын құжат негізінде жүргізіледі.
  • 9.3. Қауымдастықтың жаңа мүшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен көзделген оның барлық қалған мүшелерінің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін реттейтін нормалар мен ережелер таралады.
  • 9.4. Қауымдастыққа мүшелік үшінші тұлғаларға берілмейді.
  • 9.5. Қауымдастықтың құрамынан шығу жазбаша өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.
    • 9.6. Қауымдастық мүшесі Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімімен:
    • 9.6.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, осы Жарғының және Қауымдастық ішкі құжаттарының нормаларын өрескел бұзған;
    • 9.6.2. Қауымдастық мүшесін жарнаны уақытша босату туралы шешім болған кезде көзделген мүшелік жарналарды жүйелі (екі және одан көп) толық төлемеген;
    • 9.6.3. егер өзінің қызметі үдерісінде Қауымдастық мүшесі осы Жарғының талаптарына сәйкес келуін доғарған;
    • 9.6.4. егер ол өзінің әрекетімен (әрекетсіздігімен) Қауымдастық мүдделеріне және/немесе оның мүшелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірген;
    • 9.6.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес олардың құзыреті аясында қабылданған Қауымдастықты басқару органдарының міндетті шешімдерін орындамаған жағдайларда шығарылуы мүмкін.
    • 9.6.6. Қауымдастықтың бір/бірнеше мүшесін тарату немесе қайта ұйымдастыру Қауымдастықтың қызметін тоқтатпайды.
  • 9.7. Қауымдастыққа мүшелік жарналар келесі түрлерге бөлінеді:
    • 9.7.1. кіру жарнасы;
    • 9.7.2. жыл сайынғы мүшелік жарнасы.
  • 9.8. Қауымдастық мүшелігіне кіру жарнасын төлемей, бірақ Қауымдастық мүшелігіне кіру туралы өтініш берген алғашқы 5 (бес) заңды тұлға жыл сайынғы мүшелік жарнасын өтей отырып қабылдануы мүмкін.
  • 9.9. Кіру жарнасы осы Жарғының 6.8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қауымдастықтың барлық мүшелеріне міндетті болып табылады.
  • 9.10. Жыл сайынғы мүшелік жарнасы Қауымдастықтың барлық мүшелеріне міндетті болып табылады.
  • 9.11. Есепті күнтізбелік жылдың алты айы ішінде мүшелік жарналарды төлемеген жағдайда, Қауымдастық мүшесі Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысында және басқа іс-шараларда дауыс беру құқығынан айрылады.
  • 9.12. Жарналардың мөлшерлерін Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысымен әрбір кезекті күнтізбелік жылға белгіленеді.
  • 9.13. Қауымдастық мүшелерінің мүшелік жарналары шыққан, заңды тұлға таратылған, немесе Қауымдастықтың құрамынан шығарылан кезде қайтаруға жатпайды.
10. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • 10.1. Қауымдастық мүшелерінің:
    • 10.1.1. өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша құқықты кепілді пайдалануға;
    • 10.1.2. өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша кеңес алуға;
    • 10.1.3. Қауымдастықтың қызметі туралы ақпарат алуға;
    • 10.1.4. Қауымдастықтың құрамынан өз еркімен шығуға;
    • 10.1.5. Қауымдастықтың істерін басқаруға және Қауымдастықтың шешімдерін қабылдауға қатысуға;
    • 10.1.6. Қауымдастықтың қызметі туралы есеп алуға;
    • 10.1.7. Қауымдастықтың басшылық және бақылаушы органдарына дауыс беру, сайлану құқығымен Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысына өзінің өкілдерін жолдауға және қатысуға;
    • 10.1.8. осы Жарғыға сәйкес және Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысымен берілген өкілеттіктер шегінде азаматтармен және ұйымдармен қарым-қатынаста Қауымдастықты білдіруге;
    • 10.1.9. жеке және тартылған қайырымдылық жарналарын енгізуге;
    • 10.1.10. көмектің қаржылық, материалдық және басқа түрлерін алу, сондай-ақ Қауымдастықта белгіленген тәртіпте мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ұсыныстар алу туралы өтініш етуге;
    • 10.1.11. ел ішінде және одан тыс жерлерде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу, сондай-ақ Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының тапсырмасы бойынша әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық, жеке және халықаралық ұйымдардың жұмысында Қауымдастықтың мүдделерін білдіруге;
    • 10.1.12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қауымдастықтың Жарғысына сәйкес Атқарушы органнан өз міндеттемелерін тиісінше орындауды талап етуге;
    • 10.1.13. өзге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға қатысуға және/немесе мүшесі болуға;
    • 10.1.14. Қауымдастықтың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізуге;
    • 10.1.15. Қауымдастықтың алдындағы материалдық және басқа міндеттемелерді орындағаннан кейін Қауымдастықтың мүшелігінен шығуға;
    • 10.1.16. Қауымдастықтың атқарушы органынан Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімдерін орындау жағдайы туралы ақпарат сұратуға;
    • 10.1.17. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысында күн тәртібіне ұсыныстар енгізуге;
    • 10.1.18. Мүлікті Қауымдастықтың меншігіне беруге
    • 10.1.19. құрылтай құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілетін өзге де құқықтарын иеленуге құқығы бар.
  • 10.2. Қауымдастық мүшесінің Қауымдастықтың мүлкіне, соның ішінде олар берген мүлікке және мүшелік жарналарға құқығы болмайды.
  • 10.3. Қауымдастықтың мүшелері:
    • 10.3.1. осы Жарғының ережелерін және Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімдерін сақтауға;
    • 10.3.2. Қауымдастықтың қызметіне қатысуға;
    • 10.3.3. уақытында кіру және жыл сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге, оларды енгізу тәртібі осы Жарғымен және Қауымдастық мүшелерінің ортақ жиналысымен бекітілген, Қауымдастыққа кіруге арналған үлгі шартпен айқындалады.
    • 10.3.4. Қауымдастықтың қызметіне байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;
    • 10.3.5. мүшенің кінәсінен Қауымдастыққа келтірген шығынды ол Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімі негізінде толық көлемде өтейді;
    • 10.3.6. Қауымдастыққа қатысты қабылдаған міндеттерді орындауға;
    • 10.3.7. Қауымдастықтың тәжірибелік жұмысына қатысуға және өзінің қызметі туралы есеп беруге;
    • 10.3.8. Жарғыны немесе жылдық жұмыс жоспарын өзгерту туралы мәселе шешілетін, Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысына қатысуға;
    • 10.3.9. Қауымдастықтың беделі мен имиджі туралы ойлауға;
    • 10.3.10. Қауымдастықтың нақты бағдарламалары мен жобаларының орындалуына ықпал етуге;
    • 10.3.11. Қауымдастықтың беделіне, қаржылық, коммерциялық және өзге мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін қызметтің кез келген түрінен тартынуға;
    • 10.3.12. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімі бойынша өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға;
    • 10.3.13. Қауымдастықтың жарғылық қызметіне қатысты нақты мәселелерді шешу үшін Қауымдастыққа қажетті ақпаратты беруге;
    • 10.3.14. Қауымдастықтың мүлкін сақтауға;
    • 10.3.15. Қауымдастықтың қызметі туралы құпия ақпаратты жарияламауға;
    • 10.3.16. Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге белсенді қатысуға;
    • 10.3.17. Қауымдастыққа залал келтіретін және іскерлік беделін қаралайтын іс-қимыл жасамауға міндетті;
    • 10.3.18. Қауымдастық мүшелерінің басқа құқықтары мен міндеттері болады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қауымдастықтың Жарғысына сәйкес жауапты болады.
11. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ОРГАНДАРЫ
  • 11.1. Қауымдастықтың органдары:
    • 11.1.1. Жоғарғы басшылық орган – Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысы;
    • 11.1.2. Басқару органы – Қауымдастық Басқармасы;
    • 11.1.3. Атқарушы орган – Президент;
    • 11.1.4. Бақылаушы орган – Тексеу комиссиясы болып табылады.
  • 11.2. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімі бойынша Қауымдастықта өзге органдар, сондай-ақ тексеру комиссиясы құрылуы мүмкін.
12. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ОРТАҚ ЖИНАЛЫСЫ
  • 12.1. Қауымдастықтың жоғарғы басшылық органы Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналыс болып табылады. Ортақ жиналыс жылына бір реттен көп емес өткізіледі.
  • 12.2. Ортақ жиналысты өткізу күні мен орны, алдын ала күн тәртібі туралы Қауымдастықтың Атқарушы органы Жиналыс басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын хабарлайды.
  • 12.3. Жиналыс:
    • 12.3.1. Қауымдастықтың жартыдан аз емес мүшелерінің;
    • 12.3.2. Президенттің;
    • 12.3.3. Қауымдастық Басқамасының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.
  • 12.4. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысы Қауымдастың кез келген мүшесі, Басқарма, немесе Президент күн тәртібіне енгізген Қауымдастық қызметінің барлық мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.
  • 12.5. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының айрықша құзыретіне келесі мәселелер жатады:
    • 12.5.1. Қауымдастықтың Жарғысын бекіту, Қауымдастықтың Жарғысына өзнерістер мен толықтырулар енгізу, Қауымдастықтың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту;
    • 12.5.2. Қауымдастық қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын айқындау;
    • 12.5.3. Қауымдастық Басқармасын таңдау, олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару туралы шешім қабылдау, Басқарманың, Президенттің есептерін бекіту;
    • 12.5.4. Қауымдастық Президентін тағайындау, құзыретін айқындау және өкілеттігін доғару құзыретін, тәртібін айқындау;
    • 12.5.5. Қауымдастықты ерікті қайта ұйымдастыру немесе Қауымдастықты тарату, тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;
    • 12.5.6. тарату балансын бекіту;
    • 12.5.7. Қауымдастықтың ұйымдастырушылық құрылымы мен штат санын бекіту;
    • 12.5.8. мүшелікке кіру және жыл сайынғы мүшелік жарналарының мөлшерін айқындау;
    • 12.5.9. осы Жарғымен көзделген тәртіпте, Қауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау және Қауымдастық мүшелігінен шығару;
    • 12.5.10. Атқарушы органға қаржылық есептілік беру тәртібі мен кезеңділігін айқындау;
    • 12.5.11. Қауымдастық қызметінің Стратегиялық бағдарламаларын бекіту;
    • 12.5.12. алдағы есепті кезеңге Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
    • 12.5.13. Қауымдастықтың қызметі туралы жылдық есепті бекіту;
    • 12.5.14. Қауымдастықтың филиалы туралы Үлгілік Ережені бекіту;
    • 12.5.15. Қауымдастықтың филиалдарын құру және тарату туралы шешімдер қабылдау;
    • 12.5.16. Қауымдастықтың міндеттерін орындау және мақсаттарға қол жеткізу барысын бақылау;
    • 12.5.17. Қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктерінің жылдық бюджетін бекіту;
    • 12.5.18. қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын бекіту және оған өзгерістер енгізу;
    • 12.5.19. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімімен айқындалатын, өзге құжаттарды бекіту;
    • 12.5.20. Қауымдастықтың аудитін өткізу туралы шешім қабылдау;
    • 12.5.21. Атқарушы органның өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару;
    • 12.5.22. Атқарушы органның еңбекке ақы төлеу мөлшерлерін және Атқарушы органға сыйақы беру шарттарын айқындау;
    • 12.5.23. Қауымдастыққа кіру туралы үлгілік шартты бекіту;
    • 12.5.24. қолданыстағы заңнамамен және Жарғымен Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге мәселелер;
  • 12.6. Қауымдастық мүшелерінің ортақ жиналысы егер оған оның барлық мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқылы болады. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімі мынадай: жиналысқа қатысып отырған 1 (бір) мүше – 1 (бір) дауыс қағидасы бойынша дауыстың көптігімен қабылданады.
  • 12.7. Жарғының айрықша құзыретіне жатқызылған осы баптың мәселелері бойынша Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімі білікті мамандардың көптігімен – қатысушы Қауымдастық мүшелерінің кемінде 2/3 (екіден үш) дауысымен қабылданады. Дауыс беру тәртібін Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысы айқындайды.
  • 12.8. Ортақ жиналыстың Атқарушы органнан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпарат сұратуға, сондай-ақ қызметтің қорытындысы бойынша немесе қызықтыратын мәселелер бойынша есеп тыңдауға құқығы бар.
  • 12.9. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімі негізінде Ортақ жиналыстың Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қауымдастықтың атынан Ортақ жиналыстың шешіміне сәйкес лауазымдық еңбекақы тағайындай отырып еңбек шартын, материалдық жауапкершілік туралы шарт және Атқарушы органмен өзге шарттар жасайды. Бұл ретте еңбек шарты Атқарушы органды материалдық ынталандыру Қауымдастық қызметінің нәтижелерінен тікелей тәуелділігін қарастыруы керек.
  • 12.10. Жарғылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысы консультативтік-кеңес органын құруы мүмкін. Консультативтік-кеңес органының құрамына (басшылығына) Қауымдастықтың құрметті мүшелері енгізілуі мүмкін.
  • 12.11. Қауымдастық органдарының құзыреті, өкілеттік шеңбері және оларды жүзеге асыру тәртібі қолданыстағы заңнамамен, осы Жарғымен және Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен белгіленеді.
13. ҚАУЫМДАСТЫҚ БАСҚАРМАСЫ
  • 13.1. Ортақ жиналыстар арасындағы кезеңде Қауымдастықтың қызметіне жалпы басшылықты тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган – Қауымдастықтың Басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жүзеге асырады.
  • 13.2. Басқарманың құзыретіне келесі мәселелерді шешу жатады:
    • 13.2.1. Қауымдастық қызметінің және қаржыландыру жоспарларын әзірлеу;
    • 13.2.2. Қауымдастыққа мүшелік туралы Ереже және өзге ішкі нормативтік құжаттарды (регламенттер мен ережелер және т.б.) әзірлеу және қабылдау;
    • 13.2.3. Қауымдастықтың нақты бағыттары бойынша тақырыптық комиссиялар, комитеттер мен секциялар құру;
    • 13.2.4. жылдық есепті және жылдық бухгалтерлік балансты бекіту;
    • 13.2.5. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының шешімдерін орындау;
    • 13.2.6. Қауымдастықтың басқа ұйымдарға қатысуы;
    • 13.2.7. Қауымдастық басқармасының басқа органдарының айрықша құзыретін құрамайтын басқа мәселелер;
  • 13.3. Басқарма Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысында он екі ай мерзімге сайланады. Басқарманың саны мен Басқарманың өкілеттік мерзімі Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысында айқындалады.
  • 13.4. Басқарма отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен көп емес өткізіледі. Басқарма отырыстары кеңесші дауыс құқығымен Қауымдастық мүшелері қатысуы үшін ашық болып табылады. Басқарма егер оған оның барлық мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқылы болады. Шешім Басқармаға қатысушылардың 2/3 (екіден үш) дауысымен қабылданады. Дауыс беру тәртібін Қауымдастық Басқармасы айқындайды.
  • 13.5. Қауымдастықтың отырысын жүргізуді Басқарма мүшелері Басқарма айқындаған кезектілікте жүзеге асырады.
14. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
  • 14.1. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысы тағайындайтын және өзінің міндеттерін орындаудан босататын Президент Қауымдастықтың Атқарушы органы болып табылады.
  • 14.2. Сайланған Қауымдастық Президентінің өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Қауымдастық Президентін сайлау және атқаратын лауазымынан босату тәртібін Қауымдастықтың Жарғысы айқындайды.
  • 14.3. Президент Қауымдастықтың жеке меншікті тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады және Қауымдастықты Ортақ және жедел басқаруды жүзеге асырады, Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысына, Қауымдастықтың басқармасына есепті және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Президент өз қызметінің нәтижелеріне Қауымдастықтың алдында жауапты болады.
  • 14.4. Президент сенімхатсыз және Жарғының негізінде Қауымдастықтың атынан әрекет етеді, азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді. Оған берілген құқық шегінде Қауымдастықтың мүлкі мен ақша қаражатына иелік етеді, банктерде есеп шоттарын ашады, шарттар, соның ішінде еңбек шарттарын жасайды, сенімхаттар береді, бұйрықтар және өкімдер шығарады, Қауымдастықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қауымдастықтың барлық мүшелері үшін орындауға міндетті нұсқамалар береді.
  • 14.5. Қауымдастық Президентінің айрықша өкілеттігіне:
    • 14.5.1. Қауымдастықтың ағымдағы қызметіне басшылық;
    • 14.5.2. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
    • 14.5.3. Қауымдастықтың меншікті қаражаты шегінде Қауымдастықтың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
    • 14.5.4. Қауымдастықтың Жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздерін және материалдық құралдарды тарту;
    • 14.5.5. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысына өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беру;
    • 14.5.6. Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының кезекті және кезектен тыс жиналыстарының өткізілуін ұйымдастыру;
    • 14.5.7. Қауымдастықты басқару құрылымын, штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекіту;
    • 14.5.8. кадр және Қауымдастық мүшелерінің Ортақ жиналысының және Басқарманың айрықша құзыр

Кірудің артылықшылықтары

Қауымдастық арқылы оның мүшелерінің бірыңғай пікірін ұсыну
Сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделеріңізді білдіру
Қойылған міндеттерді шешу үшін Қауымдастық мүшелеріне консультативтік әрі әдістемелік көмек көрсету
Қауымдастық мүшелеріне ақпараттық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсету
Қауымдастық мүшелерін халықаралық оқыту семинарларына қатыстыру.
Медициналық зертханалық іс-әрекет ету бизнесін ашу әрі оны кеңейту бойынша консультативтік көмек көрсету

Қауымдастыққа қалай кіруге болады

1. Сайттағы Қауымдастықтың Жарғысымен танысу
2. Арызға қол қойып, сауалнаманы толтыру және Қауымдастыққа кіруге арналған үлгі шартқа қол қою
3. Осы толтырған құжаттарды info@kamlab.kz электрондық мекенжайға жіберу
4. Оң шешім қабылданған жағдайда Сіздің мекенжайға құжаттар жіберіледі
5. Дайын! Енді Сіз «Қазақстан Медициналық Зертханалар Қауымдастығы» ЗТБ мүшесісіз